Өзбекстанда лицензияланған алғашқы криптодүкендер ашылады

287

Криптовалютаны сатуға және сатып алуға мүмкіндік беретін алғашқы екі дүкен Өзбекстанда лицензия алды. Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі Орталық Азия мен ТМД кеңістігіндегі алғашқы криптодүкендері ашылатынын мәлімдеді.  

Өзбекстанда лицензияланған алғашқы криптодүкендер ашылады Фото: gazeta.uz

Ұлттық перспективалық жобалар агенттігі крипто дүкендерінің жұмысына алғашқы лицензияларды берді, деп хабарлайды ҰПЖА баспасөз қызметі. Лицензиялардың электрондық тізіліміне Навои қаласындағы Crypto Trade Net пен Ташкенттегі Crypto Market кіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Crypto Trade NET 2019 жылдың қыркүйегінде 10 миллион сом жарғылық қорымен тіркелген. Негізгі қызмет түрі - түрлі металл өңдеу станоктарын өндіру. Құрылтайшысы және жетекшісі Бехзод Бахтиёрұлы Ачилов.

Жарғылық қоры 2 млрд Crypto Market 2022 жылдың 10 қарашасында тіркелген. Көрсетілетін қызмет түрі - сақтандыру мен зейнетақы қорларының қызметтерінен басқа санаттағы қаржылық қызметтер. Құрылтайшысы ретінде Камолиддин Салахутдинұлы Нуритдинов көрсетілген.

Криптодүкендер азаматтарға крипто активтерін саудалау жолдарын жеңілдетпек. Олардың жұмыс ережелері құрастырылып, сәйкес құжат қазан айында жарияланды.

Мысалы, электронды платформадағы криптодүкендер жеке тұлғалардан сандық активтерді сатып ала алады немесе сата алады. Өзбекстан азаматтарымен есеп айырысу соммен банктік аударымдар арқылы, шетелдіктермен - шетел валютасымен жүзеге асырылады, деп түсіндіреді Spot. Офлайн криптодүкендерінде клиенттер крипто активтерін қолма-қол ақшаға немесе шетел валютасымен, сондай-ақ банктік аударым арқылы сатып ала алады. Ал активтерді тек сомға сатуға рұқсат етіледі.

ҰПЖА азаматтарды қырағылық танытып, лицензиясы жоқ крипто делдалдар қызметтерін пайдаланбауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу