Өзбекстандық азамат Оралда еріктілерге палау пісіріп жүр

116

Әли Батырұлының Орал қаласына келгеніне үш күн болған. Содан бері күніне 500 адамға палау пісіріп жүр. 

Өзбекстандық азамат Оралда еріктілерге палау пісіріп жүр Фото: massaget.kz

Өзбекстандық азамат Оралға келіп, еріктілерге палау пісіріп жүр, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты massaget.kz порталына сілтеме жасап.

Ташкент қаласынан өзбек елінің сәлемін алып келген Әли Батырұлы қазір Орал қаласында тасқынға тосқауыл болып, жұмыс істеп жатқан еріктілерге палау пісіріп таратып жүр. 

Оның Орал қаласына келгеніне үш күн болған.

"Теледидардағы жаңалықтардан қазақ бауырларымның басына сынақ түскенін естігенде ұйықтай алмадым. Ораза айт біткен соң, Қазақстанға билет алып, Орал қаласына келдім. Бұл жерде Мақсат Сқақов деген таныс досым бар еді. Сол маған жол көрсетті. Қазақ бауырларымды қатты жақсы көремін. Өйткені мен де осы елдің дәм-тұзын таттым", - дейді ол.

Әли Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында тұрады. Ол  - отбасындағы алты баланың кенжесі. Мамандығы – аспаз. Бүгіндері өзі де үш баланың әкесі атанған. Ташкент қаласында "Шеф-Әли-Өзбек" атты өзінің жеке мейрамханасы бар. Өткен жылы Түркияда болған зілзала кезінде де түрік бауырларға палау пісіріп, қызмет істеген. Қай кезде де қолынан келген көмегін ұсынуды өзінің азаматтық парызы санайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу