Павлодар облысында балықшы тыйым салынған зат қолданған

402

2023 жылғы 15 сәуірден бастап дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде жайылмалы су айдындарында балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды. 

Павлодар облысында балықшы тыйым салынған зат қолданған Фото: Павлодар облыстық ПД

 –  "Уылдырық шашу"  акциясы барысында 26 сәуірде сағат 20.20-да Қаныш Сәтбаев атындағы каналда  Ақсу қаласының Қалқаман ауылының жанында 56 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол каналда балық аулау үшін ұзындығы 50 метр болатын қытайлық балық аулау ауын орнатқан. Бұл ретте Қытайда өндірілген моноауларды балық аулау кезінде пайдалануға тыйым салынатынын айта кеткен жөн, – деді Ақсу қаласы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Арман Рақметов.

Сондай-ақ тәртіп сақшыларымен 2,3  келі алабұға мен қарақұйрық тәркіленді. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 3-бөлігі – "тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тыйым салынған орындардағы тәсілдермен балық аулау ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу