Павлодар облысында құс фабрикасы қайта іске қосылмақ

452

Қазір болашақ инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.  

Павлодар облысында құс фабрикасы қайта іске қосылмақ Фото: eksis.ru

Басты мақсат  - ішкі нарықты тауық етімен қамту, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік азық-түлік санатындағы құс еті қазір өзге облыстардан тасымалданады. Бұл мәселені шешуге шетелдік кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр. Жоба мақұлданса, мемлекет тарапынан қолдау да көрсетіледі. Айта кетейік, Павлодардың іргесіндегі құс фабрикасы 9 жыл бұрын ашылып, кейін жабылып қалған болатын. Жалпы, өңірде агроөнеркәсіп саласын дамыту мақсатында 40-тан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Сүт, құс етін өндіру, суармалы жерлерді іске қосу және көкөніс қоймаларын салу жобаларына 48 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр. 

Облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожиновтың айтуынша, бір айдың ішінде үш инвестормен кездескен. Бірінші талап – екі құс фабрикасын сатып алу. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның екеуі шетелдік инвесторлар, олардың Қазақстан заңына сәйкес құжаттары болса деген  мәселе бар. Екі-үш күн бұрын тағы инвестор келген. Ол инвестордың Өзбекстанда үш құс фабрикасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу