Павлодар облысында мұнай өнімдерін заңсыз саудалағандарға үкім кесілді

668

Сотталғандардың бензин мен дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдап, сатқаны, сатып алғаны, сақтағаны дәлелденген.

Павлодар облысында мұнай өнімдерін заңсыз саудалағандарға үкім кесілді

Сот Шұғатаев Жанайдар Серікұлын ақшалай қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг Сергей Геннадьевичті 4 жыл 6 айға, Шамиев Ержан Хайроллаұлын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға "Унгефуг" ЖШС-дан шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатылған. Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан", – деп жазылған ҚМА баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу