Павлодар облысында жеке үй өртеніп, 2 жасар қыз көз жұмды

425

Үй өртенген кезде балалардың анасы аулада болған.

Павлодар облысында жеке үй өртеніп, 2 жасар қыз көз жұмды Фото: Павлодар облысы ТЖД

Өрт бүгін, 9 тамызда Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылындағы жеке үйде тұтанған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жергілікті уақытпен сағат 10:29-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 8 адам мен 2 техника жедел жетті. Тұрғын үйдегі өрттен 2019 жылғы бала бірінші, екінші дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды. Алайда, күйік шалған баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Үй өртенген кезде балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасының анасы сегізінші баласының өмірге келер күнін күтіп жүр.

Тілсіз жау сағат 11:45-те оқшауланды. Ал, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу