Павлодар облысындағы орманға баруға тыйым салынды

349

Аймақта өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып отыр.

Павлодар облысындағы орманға баруға тыйым салынды Фото: Khabar.kz

"Ертіс орманы" табиғи резерваты Абай облысына жақын жерде орналасқан, деп жазады inbusiness.kz.

Өңірде ыстық құрғақ ауа райы орнағандықтан, мұнда өрт қаупінің бесінші сыныбы қалыптасты. Соған сәйкес резерваттың аумағы бойынша жүріп-тұруды шектеу туралы шешім қабылданды. 

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының дерегінше, облыста 40-тан астам орман өрті тіркелген. Табиғи резерват басшылығы адамдарды табиғатқа қамқорлықпен қарауға шақырады.

Ерекше қорғалатын аумақта өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері – 100 АЕК және одан жоғары.

"Ертіс орманы" резерватының ауданы 277 961 гектарды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу