Павлодарда футболды дамыту тұжырымдамасы өзгереді

448

"Ертіс" клубын қаржыландыруға жоспарланған қаражаттың бір бөлігі бұқаралық спортты дамытуға берілмек.

Павлодарда футболды дамыту тұжырымдамасы өзгереді

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қазір "Ертіс" футбол клубын қаржылай қиын жағдайға түсірген адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын айтты. 

"Ертіс" футбол клубында қарызға байланысты мәселелер болғанын білесіздер. Сол себепті "Ертіс" ел чемпионатынан шығуына тура келді. Бүгінгі күні футбол клубын осындай қиын жағдайға түсірген адамдарды жауапкершілікке тарту бойыша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысында "Екібастұз" және "Ақсу" атты екі футбол командасы бар. Кәсіби деңгейде осы екі команда облыстың намысын қорғайды", – деді әкім. 

Әбілқайыр Сқақовтың мәліметінше, өңірде футболды дамыту тұжырымдамасы өзгермек.

"Жалпы футболды дамытудың тұжырымдамасын өзгерту жөнінде үлкен жоспарымыз бар. Бұдан былай балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына және бұқаралық спортты дамытуға көбірек көңіл бөлінеді. Бюджеттен "Ертіс" футбол клубына беруге жоспарланған қаражат қайта қарастырылады. Соның ішінде жаппай спортпен шұғылдануға да бөлінеді. Алдағы уақытта біз үшін негізгі бағыт осы болып отыр", – деді Әбілқайыр Сқақов. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу