Павлодарда нөсерден кейін су кірген үйлердің жағдайы қандай? – әкім жауабы

320

Жақында облыс орталығында қатты жауын салдарынан көпқабатты үйлердің ауласын су басты. 

Павлодарда нөсерден кейін су кірген үйлердің жағдайы қандай? – әкім жауабы Фото: Total.kz

Павлодар су тасқынына дайын ба? Бұл сұраққа Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, қалаларда 33 арнайы мамандандырылған техника жұмыс істейді.

"Ол тек Павлодарда ғана емес, сонымен қатар Ақсу, Екібастұз қалаларында да бар. Су кіріп кеткен үйлердің бәрінде арнайы техникамен суды тартып, кептірдік. Бүгінде проблемалық 2 көпқабатты үй бар. Бұл мәселемен қала әкімдігі толық айналысып жатыр. Бұл үйлердің төбелері ескірген. Биыл ол көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізуді мақсат етіп отырмыз. Бірақ ол үшін тұрғындардың 100 пайызының 70 пайызы келісім беру қажет", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Бүгінгі таңда сол келісімді алу үшін дауыс беру рәсімдері жүріп жатыр, деп жалғастырды өңір басшысы.

Бұдан бөлек ол облыстағы жылу мәселесіне де тоқталды.

"Павлодар қаласында 3 жылу беру станциясы бар. Ақсу қаласында 1 жылу беру станциясы, Екібастұзда да біреу. Аталған 5 станцияда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу