Павлодардың әкімі тағайындалды

Бұл қызметке Ержан Иманзайыпов таңдалды. 

Павлодардың әкімі тағайындалды Фото: Алибек Дженалинов

Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Кандидатура ҚР Президенті Әкімшілігімен келісіліп, қала мәслихаты депутаттарымен мақұлданды.

"Облыс орталығына әкім болу - ауыр әрі жауапты міндет. Халықпен тығыз байланыс жасау керек. Мемлекеттік органдар мен коммуналдық ұйымдардың жұмысын байланыстыра отырып, тұрғындардың өтінішін уақытылы орындау қажет.  Қаланың одан әрі дамуы басты назарда болады", - деді Асайын Байханов.

Ержан Иманзайыпов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы "Павлодарэнерго" акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады. Кейін Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  комитетінде еңбек етті.  

2007 жылдың наурызынан бастап 2014  жылдың  сәуіріне дейін  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман лауазымынан Департамент директорының орынбасары лауазымына дейін  қызмет етті.  

2014 – 2017  жылдары  Павлодар және  Екібастұз қалалары әкімінің орынбасары;

2017 – 2019 жылдары Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2019 – 2020 жылдары Екібастұз қаласының әкімі болды. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 15 жылдан асады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды. Яғни, 2021 жылдан бастап Асайын Байханов қала әкімі болған тұста аппаратқа жетекшілік етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу