Перу Президенті шекараға жақын аудандарда төтенше жағдай жариялады

413

Төтенше жағдай режимі Тумбес, Пьюра, Кахамарка, Амасонас, Лорето, Мадре-де-Дьос пен Такна және т.б. департаменттеріндегі шекара аймақтарында жарияланды

Перу Президенті шекараға жақын аудандарда төтенше жағдай жариялады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Перу Президенті Дина Болуарте көші-қон дағдарысы мен қылмыстың өсуіне байланысты елдің шекараға жақын аймақтарында төтенше жағдай жариялады, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай режимі Тумбес, Пьюра, Кахамарка, Амасонас, Лорето, Мадре-де-Дьос пен Такна және т.б. департаменттеріндегі шекара аймақтарында жарияланды.

Болуарте бұл шара тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында шетелде полицияның бақылау операцияларын жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қарулы Күштер полицияға көмек көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу