Петропавлда үй өртеніп, 3 адам қаза тапты

368

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Петропавлда жеке тұрғын үй өртеніп, 3 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 21.35-те 101 телефонына Волочаевская көшесі, 113 мекенжайындағы жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Бес минуттан кейін оқиға орнына облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің мамандары барған.

"Ағаш үй ашық жалынмен жанып жатты.  Өрт сөндіру барысында өрт орнында 3 адамның – 2003 жылы туған бойжеткеннің, 2022 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылды. Тілсіз жау сағат 22:04-те оқшауланып, сағат 22:36-да жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 15 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт аумағы – 19 шаршы метр", - делінген облыстық ТЖД таратқан мәліметте.

Бүгінгі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Оқиға орнына облыс әкімі Ғ.Нұрмұхамбетов, СҚО ТЖД бастығы Е. Сарыбаев, СҚО ПД бастығы А.Қабдұлдинов барды.

"Аталған үйдің тұрғындары халықтың әлеуметтік осал топтарының есебінде тұрмаған. Жергілікті атқарушы орган ҚР заңнамасы аясында көмек көрсететін болады. Қаза тапқандардың туыстары және жақындарымен облыстық ТЖД психологиялық қызметінің маманы жұмыс жүргізген", - деп нақтылады департамент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу