Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған машинист әйелдің денесі табылды

957

Құтқарушылар жұмысшы әйелді 2 күн бойы іздеген. 

Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған машинист әйелдің денесі табылды

Петропавлда мұржасы опырылып құлаған жылу электр станциясы аумағында үйінді арасынан 38 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқан машинист әйел қазандық цехында жұмыс істеген. Ол қазандықты бақылауға жауап берген. 

Апат болған жерде құтқарушылар 2 күн бойы жұмысшы әйелді іздеген. Мұржаның қалған конструкциясының құлап кету қаупі болған. Сондықтан үйінділерді техникамен емес, қолмен қопаруға шешім қабылданған. 

Іздестіру жұмыстары барысында үйіндінің астында қалған 1984 жылы туған машинист әйелдің мәйіті табылды. Оның артында 15 жастағы баласы мен күйеуі қалды. Ол да жылу электр станциясында жұмыс істейді.

Еске салайық, биыл 20 наурызда Петропавлда екінші жылу электр орталығының мұржасы опырылып құлады. Салдарынан жұмысшы әйел жоғалып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу