Праймеризде әділдікті бұрмалаған әкімдер партия қатарынан шығарылады – Ерлан Саиров

709

Nur Otan партиясының жақтастар лигасына мүше қоғам белсенділері праймериздің әділ өткізу мәселесі бойынша брифинг өткізді. 

Праймеризде әділдікті бұрмалаған әкімдер партия қатарынан шығарылады – Ерлан Саиров

Праймеризде әкімшілік тетіктер арқылы әділдікті бұрмалаған әкімдер партия қатарынан шығарылады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров осындай ақпарат айтты.

"Біз қазір демократияға, әділдікке, теңдікке деген сұраныс терең туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың, әлеуметтік трансформациялардың қажеттігі бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені, елді сақтап жетістіктерін арттырудың басқа баламасы жоқ. Сондықтан ең бірінші жергілік жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек. Көптеген әкімдер әлі де командалық басқарушылық әдістермен жұмыс істейді және қоғам пікірді ескергісі келмейді. Ал бүгінгі таңда праймериз жастар үшін мүмкіндіктер терезесі болып табылады. Сондықтан біз осы әр түрлі деңгейдегі  әкімдерді праймериздің әділ әрі шынайы өтуіне өзінің үлесін қосуға және  ешқандай әміршілік, әкімшілік қысым жасамауға шақырамыз. Егер ондай қысым болса, Nur Otan партиясының жақтастар лигасы партияның орталық аппаратына осыған жол берген шенеуніктер мен әкімдерді партиялық тұрғыдан жазалау,  ең жоғарғы жаза – партиядан шығару жөніндегі ұсыныс енгізетін болады", – деді Ерлан Саиров.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу