Премьер-Министр индустриялық жобалар пулын кеңейтуді тапсырды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қысқа мерзімде индустриялық жобалар пулын кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

 Премьер-Министр индустриялық жобалар пулын кеңейтуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр атап өткендей, экономиканы әртараптандыру – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі.

 "Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 160 индустриялық жоба іске қосылды.  Биылғы жылы жобаларды іске қосу жоспарлары қысқартылды: жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 149 жоба. 

Экономиканы әртараптандыру қарқынын бәсеңдетуге жол берілмейді деп есептеймін.  Біздің алдымызда жыл сайынғы 4-5 пайыздық өсіммен елдің жалпы ішкі өнімінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр.  Бұл мақсатқа жетуде өнеркәсіп маңызды рөл атқарады.  Сондықтан министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қысқа мерзімде өнеркәсіп саласында жүзеге асырылатын жобалар пулын кеңейтуі қажет", - деді Әлихан Смайылов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, өңірлерге іссапарлар барысында кәсіпкерлер түрлі қызықты жобаларға бастамашылық етуде.

 "Инфрақұрылым мен энергетикаға қатысты мәселелер бар. Біз бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуіміз керек", – деді  Премьер-Министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу