Президент: БАҚ пен блогерлердің сотқа қысым жасауы жиілеп кетті

939

Қасым-Жомарт Тоқаев сотқа қысым жасаудың жазасын айтты.

Президент: БАҚ пен блогерлердің сотқа қысым жасауы жиілеп кетті

Қазақстан судьяларының VIII съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы БАҚ пен әлемуеттік желіде сотқа қысым жасау белең алғанын мәселе етіп көтерді.

"Соңғы кезде судьялардың БАҚ пен әлеуметтік желі тарапынан қысымға тап болған жағдайлары жиіледі. Тергеу жүріп жатады, іс әлі сотқа берілмеген, ал жекелеген журналистер мен блогерлер соның өзінде жағдайды ушықтырып, судьяның шешімін көпшілік алдында алдын-ала болжайды. Бұл жерде, әрине, кейбір құқық қорғау органдарының да кінәсі бар. Бүгін айтылғандай, қабылданған шаралар туралы хабарлауға асығатындар бар. Осылайша адамдарды кінәсі дәлелденбей жатып қылмыскер деп атайды. БАҚ-тың жариялылығын, ашықтығын судьяға қысым көрсету үшін қолдануға болмайды. Сот төрелігі тек сот залында ғана және тек сот поцесінің нәтижесінде орнау керек. Әр судья өз әрекеттері мен шешімдері үшін жеке басымен жауап береді. Сотқа қысым оқиғасы үшін заң бойынша жауап берілу керек", – деді Президент.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу