Президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталды

783

23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында республикалық қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар 12 тұлғаны Орталық сайлау комиссиясына үміткер ретінде ұсынған болатын. Соның алтауы президенттіктен үміткер ретінде тіркелді.

Президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталды

Бүгін сағат 18.00-де президенттікке үміткерлерді тіркеу аяқталып, кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кезектен тыс президент сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 2022 жылғы 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (2022 жылғы 19 қарашада сағат 00.00-де аяқталады).

Үгіт науқанына берілген мерзім аяқталғанда сайлау алдындағы "тыныштық күні" жарияланады, бұл – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу