Президентке судьялар корпусында қолға алынған жұмыстар жайлы баяндалды

383

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады.  

Президентке судьялар корпусында қолға алынған жұмыстар жайлы баяндалды Фото: akorda.kz

Президентке Жоғары сот кеңесінің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, судьялар корпусының жай-күйі туралы мәлімет берілді, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Шипптің сөзінше, судьялар корпусының құрамын қайта жаңарту мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде былтыр судьялық қызметке ұсынылған адамдардың саны сот жүйесінен кеткен судьялардың санынан асып түскен.

"Мемлекет басшысының сот жүйесіне нақты сала мамандарын тарту жөнінде берген тапсырмасын орындау үшін алғаш рет жекелеген құқық салаларындағы заңгерлер арасында конкурс өткізілді. Конкурс жеңімпаздары аудандық деңгейді айналып өтіп, бірден облыстық соттың судьялары бола алады. Сонымен қатар Президентке Кеңесті институционалды тұрғыда нығайтуға және оның құзыретіне соттардың кадрлық мәселелерін беруге, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігі институтын жетілдіруге бағытталған жоспар туралы баяндалды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, судьяларды іріктеу ісін жетілдіру, оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын таппақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма беріп, сот жүйесіндегі реформаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу