Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары: Байқауға өтініш беру басталды

117

Байқауға қатысу үшін ұсынымдар 2025 жылдың 2 мамырынан бастап 10 маусымға дейін қабылданады.  

Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары: Байқауға өтініш беру басталды Фото: akorda.kz

Жылдағы дәстүр бойынша ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары, сондай-ақ Алғысы беріледі.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетерлігі, үміткерлер мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар ұсына алады.

Конкурсқа 2024 жылғы 1 маусым мен 2025 жылғы 31 мамыр аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Қосымша мәліметтер Ақорданың ресми сайтына 2 мамыр күні жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу