Путин Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді

450

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбіде бейнеконференция режимінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді.   

Путин Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді Фото: img1.eadaily.com

Онда ДХР, ЛХР, Запорожье мен Херсон облыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Путин 5 сәуірде бейнеконференция режимінде Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізеді. Донецк пен Луганск Халық Республикаларының, сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарының аумағында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралатын болады", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі негізгі баяндаманы ІІМ басшысы Владимир Колокольцев жасайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу