Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығады

644

Монеталар 4 қыркүйектен бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығады Фото: nationalbank.kz

Қазақстан Ұлттық Банкі "Дала қазынасы" сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz банк сайтына сілтеме жасап.

Қорқыт ата – қобыз атасы деп танылады, жыршы, музыкант әрі композитор. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында "Қорқыт ата" мемориалдық кешені салынды. Мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды.

QORQYT ATA монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу