Ресей мен Украина шиелінісі: Қазақстан қаржы секторында қандай шаралар қабылдап жатыр?

1430

Әлемдегі шиеленіскен геосаяси жағдай ұлттық экономиға салдарын тигізуде.

Ресей мен Украина шиелінісі: Қазақстан қаржы секторында қандай шаралар қабылдап жатыр?

Украинадағы жағдайдан соң қаржы нарығы айтарлықтай тұрақсыздыққа ұшырады. Әсіресе, бұл валюта нарығына кері әсерін тигізді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2022 жылғы 24 ақпанда ұлттық валюта бағамы долларға шаққанда 466,59 теңге болды, ол 6,7%-ға әлсіреді. Доллар 29,2 теңгеге қымбаттады.

Ұлттық банк елдің қаржы және валюта нарығында жағымсыз жағдайды нивелирлеу үшін бірқатар жедел шара қабылдады. Мысалы, ішкі валюта нарығында тұрақсыздық болмау үшін Ұлттық банк бір аптада валюталық интервенция жүргізді. Осылайша, 21-25 ақпанда интервенцияға 176 млн доллар жұмсалды. 

Сондай-ақ биыл 24 ақпанда Ұлттық банк базалық бөлшерлемеге қатысты кезектен тыс шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме +/- 1,0 п. т. пайыздық дәлізбен 10,25%-дан 13,5%-ға дейін көтерілді.

Базалық мөлшерлемені көтеру макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңгемен сақталған активтерді қорғауға бағытталған.

Пайыздық мөлшерлеменің көтерілуі ұлттық валютадағы теңге мен активтердің тартымдылығын арттыру есебінен ішкі валюта нарығының теңгерімділігіне ықпал етеді. Бұл қалай жұмыс істейді? Базалық мөлшерлеме артқан кезде кредит және депозит бойынша да пайыз өседі. Осылайша, теңге бойынша неғұрлым тартымды мөлшерлеме депозиттердің валюталық салымдарға ағынын бәсеңдетеді.

Сонымен қатар теңге бойынша неғұрлым жоғары мөлшерлеме резидент емес тұрғындар тарапынан шетел валютасына ұсыныстың өсуін ынталандырады және депозит базасын да, жалпы экономиканы да долларсыздандыру бойынша ішкі трендке ықпал етеді.

Осыған ұқсас жедел шаралар 2020 жылғы 10 наурызда коронавирус пандемиясы өршіген кезде және ОПЕК+ шешімімен байланысты қабылданған. Бұл валюта нарығындағы алыпсатарлық әрекеттерді жоюға ықпал етіп, теңге бағамына оң әсерін тигізген еді. 

Жағдай тұрақталғаннан кейін базалық мөлшерлеме қайтадан төмендетілген. Мұндай шараларды Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) оң бағалайды.

Сондай-ақ қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк пен Үкіметпен бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақыны (сыйлықақы) есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске қосады.

10% мөлшеріндегі өтемақы әрбір банктегі әрбір адамға 2022 жылғы 23 ақпандағы қалдық шегіндегі жалпы сомада көрсетілген салымдарға бір рет, бірақ 20 млн теңгеден аспайтын мөлшерде (салымның сомасы 20 млн теңгеден аспаған жағдайда) және бағдарлама іске қосылғаннан бастап 12 айдан кейін есептеледі. Өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды.

Жалпы инфляциялық таргеттеу шеңберінде жүргізілетін сараланған ақша-кредит саясаты ел экономикасына сыртқы шок салдарын алдын алуға және теңгедегі активтерді қорғауға ықпал етеді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу