Ресейлік компаниялардың табысы квадриллион рубльден асты

365

РБК арнасының Федералды салық жүйесіне сілтеме жасаған ақпаратына сәйкес, былтыр ресейлік бизнес 1 268 триллион рубль немесе 1,3 квадриллион ақша тапқан. 

Ресейлік компаниялардың табысы квадриллион рубльден асты Фото: Радио 1

Ресейлік компаниялардың ортақ табысы, алғаш рет квадриллион рубльден асты. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2 есе  артық. Сарапшылар мұны негізінен мұнай-газ саласындағы табыстың өсуімен және рубльдің тербелістеріне байланысты, валюталық табыспен байланыстырып отыр.

Елдің кеден қызметінің мәліметінше, былтыр ресейлік жанар-жағармай және энергетикалық тауарлардың экспорты бірден 43%-ға артқан. Оның ішінде мұнай өнімдері, газ және көмір бар. Ал биыл мұндай табыс болмайды,- дейді экономистер. Себебі санкциялар, шекті баға және шикі мұнайды Еуроодаққа теңіз арқылы тасымалдауға салынған тыйымдар, оған жол бермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу