"Республикалық бюджет туралы" заң жобасына жаңа норма енгізіледі

713

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов азаматтық қызметшілердің жекелеген санатының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін үкімет қаулысының жобасы әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республикалық бюджет туралы" заң жобасына жаңа норма енгізіледі

Серік Шәпкеновтің айтуынша, 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңге мөлшерінде белгілеу туралы норма енгізіледі. Бұл шара экономиканың барлық саласында жұмыс істетін 1 млн 650 мың жалдамалы қызметкердің ақшалай табысының артуына жағдай жасайды. Сондай-ақ разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, басқа да қызметкерлердің кірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 

"Азаматтық қызметшілердің жекелеген санатының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру үшін үкімет қаулысының жобасы әзірленеді. Нәтижесінде 2022 жылдан бастап олардың жалақысы орташа есеппен жыл сайын 20%-ға артып, 2025 жылға қарай 2 есе өседі", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу