Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды

527

Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының әкімі болып Дәулет Батырбаев тағайындалды. 

Риддер қаласына жаңа әкім тағайындалды  Фото: Тілеубек Шаяхмет

Дәулет Бахитұлы 1976 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарған.

Сондай-ақ Ұлан, Бесқарағай аудандарын басқарып, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік басқару органдарында тәжірибе жинақтаған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Риддер қаласының әкімі қызметіне тағайындалмас бұрын "ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу