Риддердегі ЖЭО-да тағы да ақау шықты

410

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.  

Риддердегі ЖЭО-да тағы да ақау шықты Фото: ratel.kz

Риддердегі жылу электр орталығында тағы да апат болды, деп жазады inbusiness.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, апат 28 ақпан күні сағат 03.45-те болған.

Қала әкімі Дмитрий Горьковойдың хабарлауынша, бірінші және екінші қазандық апаттық жағдайда өшірілген.

"Ал, сол уақытта үшінші және төртінші қазандық қана жұмыс істеп тұрды. Бүгінде №2 қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталып, ол іске қосылды. №1 қазандық та қалпына келтіріліп, қосылуға дайындалып жатыр", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу