Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір

853

Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір

Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналдуға үш бірдей клуб ұсыныс жасауға әзір. Бұл жайында Испанияның AS басылымы хабарлады, деп жазады vesti.kz.

"Корольдік клуб" португалдық ойыншыны сататындай, болмаса футболшының өзі команда ауыстырғысы келетіндей жағдай туа қалса, ұсыныс білдіруге асыққан командалар жетерлік екен. Соның ішінде үш клуб ерекше ықылас танытуда. Оның бірі – Лондонның "Челси" командасы. Жақын күндері үш клубтың бірі Роналдуға қатысты ресми ұсыныс жасап көрмек.

Роналду мадридтік клубтың өзгертілген жаңа келісімшартын күтуде. Егер 4-5 аптаның ішінде ойыншының көңіліне қонымды өзгертілген жаңа келісімшарт ұсынылмаса, футболшы команда ауыстыруға ниетті.

Айта кетейік, осыған дейін батыстық басылымдар Роналду "Реалдан" өзін өзге командаға сату туралы айтқанын хабарлап еді. 

Роналду "Реал" сапында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Командамен қазіргі келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу