"Росатом" "Қазатомпромның" еншілес компаниясының 49% акцияларын сатып алған

500

Бұл туралы "Блумберг" агенттігі хабарлады. 

"Росатом" "Қазатомпромның" еншілес компаниясының 49% акцияларын сатып алған Фото: РБК

"Қазатомпром" мен "Росатом" арасындағы келісімнен кейін, қазақстандық компания мен ел билігі арасында кикілжің туып, "Қазатомпромның" барлық топ-менеджерлері қызметінен кетіп қалған. Материалға сенсек, ресейлік "Росатом", былтыр Қазатомпромға тиесілі Түркістан облысындағы "Буденновское" кенішінің 49% акцияларын сатып алған.

Блумбергтің дереккөздеріне сүйеніп келтірген деректеріне сәйкес, келісімді "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жабық есік тәртібінде өткізген. Бұл шешіммен келіспеген "Қазатомпромның" басшылығы, оның ішінде 2 бас директор, қаржы директоры, бас операциялық директор және басты коммерциялық директор өз еркімен қызметінен кетіп қалған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу