Рұқсатсыз алкоголь сатқан кәсіпкерге жаза қолданылады

395

Бұл заңсыз әрекет 24 қаңтарда Екібастұз қаласында рейд өткізу барысында тіркелген, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.  

Рұқсатсыз алкоголь сатқан кәсіпкерге жаза қолданылады Фото: google

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, полицейлер Мәшһүр Жүсіп көшесі бойында алкогольді сатуға лицензиясы уақытша тоқтатылған дәмханада алкоголь өнімдерін сату фактісін анықтаған.

- 16 қаңтарда Павлодар облыстық сотының шешімімен жасы 21-ге толмаған тұлғаларға алкогольдік өнімді сатқаны үшін дәмхананың иесіне 1 ай мерзімге алкогольдік өнімдерді сақтау және жеке сату бойынша қызметін жүзеге асыруға лицензиясының күші уақытша тоқтатылып, 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған, - деді Екібастұз қаласы ПБ басшысының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Алайда, уақытша тоқтатылған лицензияға қарамастан, жеке кәсіпкер өз ісін жалғастырып, алкогольдік өнімді заңсыз сатқан.

- Осы факті бойынша ҚР ӘҚК 463-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Барлығы әртүрлі маркадағы 146 бірлік алкогольдік өнім тартып алынды, - деді Төлеген Құдайбергенов.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер Павлодар облысы бойынша осыған ұқсас 2 фактінің жолын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу