Сайлауда заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды

520

Заңға қайшы әрекет еткендердің көбі – учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері.  

Сайлауда заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды Фото: Қазалы

Сайлауда құқық бұзушылық жасаған 42 адам жауапқа тартылды. 7 адам әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 108-ші бабы, яғни бірнеше рет басқа адамның орнына бюллетень толтырғаны үшін айыппұл арқалады. Тағы 18 комиссия мүшесінің өзге азаматтардың біреудің орнына таңдау жасауына жол бергені мәлім болды.

Сайлау күні заң бұзғаны байқалған 19 адам дереу жұмыстан шеттетілген. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, сайлаушылар арасында отбасы мүшесі яки жақындары үшін дауыс беру, сондай-ақ кабинаға топтасып кіру – заңға қарсы әрекет екендігін ескермейтіндер көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу