"Сақалды" құрылыс иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

440

Құрылысты аяқтамай созбаққа салатын құрылыс компанияларына қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылды. 

"Сақалды" құрылыс иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін Фото: egemen.kz

Бұл бастаманы бүгін Сенат отырысында депутат Бекбол Орынбасаров көтерді. Сенатор сөзінде құрылыс салушылардың салғырттығынан қарапайым халық зардап шегіп отырғанын айтты. Қоғамда оның салдарынан әлеуметтік қақтығыстар жиі орын алатынын да жеткізді. Сондықтан әкімшілік жазаны елемей жүрген мекемелерді қылмыстық жауапкершілікке тарту керек дейді сенатор. Жауапты ведомство өкілдері болса жосықсыз құрылыс салушыларға әкімшілік жазаның жеткіліксіз екенін жасырмады. 

"Осындай бұзушылықтар үшін бақылау мен жауапкершілікті күшейту қажет деген бөлікте сізбен толық келісемін. Бұл жағдайда біз айыппұл санкцияларын қатаңдату және ұлғайту мәселесін пысықтайтын боламыз. Ал қылмыстық жауапкершілікті қарастыруға қатысты мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қосымша пысықтауды талап етеді. Бақылауды арттыру бөлігінде қосымша күш-жігерді қолдану, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдауға мемлекеттің қатысуы көзделетін болады", дейді ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмас Ыдырысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу