Самокаттар қозғалысы заңмен реттеледі

421

Жаңа заң 30 тамыз күні өз күшіне енеді.  

Самокаттар қозғалысы заңмен реттеледі Фото: pixabay.com

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Баранованың мәліметінше, 30 тамызда елімізде жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер күшіне енеді, деп жазады Inbusiness.kz.

ІІМ, әкімдіктер мен кикшерингтік компаниялар қай аймақтарда жүруге болмайтынын, қай жерде рұқсат етілгенін, шектеулердің бар-жоғын белгілейді.

Тротуарлар мен веложолдардағы қозғалыс жылдамдығы да бағдарламалық құралдардың көмегімен бекітіледі. Скутер пайдаланушыларын, оларды пайдалану уақыты мен бағыттарын есепке алуды енгізу жоспарлануда. Тұрақ үшін арнайы орындар бөлінеді.

ІІМ инновациялық шешімдерді кикшерингтік компаниялармен бірлесіп іске асыруды жоспарлап отыр.

Ведомство мынадай ұсыныстарды қарайды:

  • Егер самокаттар арнайы жерде болмаса, сапарды аяқтау мүмкін болмайды;
  • Жарықтандырылмаған жерлерде, қаладан тыс жерлерде және пайдаланушының дене салмағы белгілі бір шектен аз болған жағдайда, мысалы, 30 кг (балалар пайдалана алмайтындай)жүруге тыйым салу;
  • Жалдау ережелерін бұзған клиенттердің "қара тізімін" құру;
  • Самокаттар патрульдік полицейлерге беріледі.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу