Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника шығаратын зауыт ашылады

505

Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.    

Saran индустриялық аймағында тұрмыстық техника шығаратын зауыт ашылады Фото: gov.kz

Кәсіпорын жылына миллионға дейін өнім шығарады және шамамен 1200 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек. Өңірдегі колледждерімен бірлесіп кадрлар даярлау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саранға жұмыс сапары барысында индустриялық аймаққа барды.

"Қазіргі уақытта бұрынғы РТБ зауытының аумағында өндіріс алаңын дайындап жатырмыз. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргіземіз. Жабдықтарды жеткізу мәселелері шешілуде. Біздің серіктесіміз – "Артель" өзбек компаниясы. Шахтинск колледжінің базасында кадрлар даярлау басталды. Ташкентте тағылымдамадан өтетін кандидаттар тобын жинап үлгердік", – деді "Silk Road Electronics" ЖШС директоры Талғат Әбдірахманов.

Зауыт кір жуғыш машиналар, теледидарлар, шаңсорғыштар, газ плиталарын және басқа да жабдықтар шығарады. Бірінші кезеңде 300–400 жұмыс орнын, ал толық қуатқа шыққан кезде – 1200 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Өңір басшысы салынып жатқан Саран қазандығына да барып қайтты. Мұнда жабдықты орнату жұмыстары жүріп жатыр. Төрт жаңа энергия үнемдейтін қазандық орнатылды. Жұмыс кестеге сәйкес жүреді.

Жұмыс сапары барысында Ермағанбет Бөлекпаев Саранның өнеркәсіптік кәсіпорындарына да барды. Ол кабельдік-өткізгіш, телекоммуникациялық, энергетикалық және теміржол өнімдерін шығаратын "KCEP" ЖШС қызметімен танысты. Компания ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеді және экспортқа жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу