banner

Сәтбаев қаласының әкімі тағайындалды

987

ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып Шапағат Әубәкір тағайындалды, Бұл туралы Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Сәтбаев қаласының әкімі тағайындалды Фото: Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі және басшысы қызметін атқарған.

Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу