Саяси қуғын-сүргін құрбандарына материалдық көмек көрсетіледі

1125

18 жылда оларға 15 миллиард теңге төленген.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына материалдық көмек көрсетіледі

2021 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 198,4 млн теңге 
көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. 2003 жылдан бастап осы санаттағы азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 14,9 млрд теңге төленген.

"Халық жауын" анықтау саясаты салдарынан көптеген адам зардап шекті. 1921-1954 жылдары Қазақстанда 100 мың адам сотталды, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. 

ГУЛАГ құрылымындағы ең ірі лагерьлер – АЛЖИР, Степлаг, Карлаг Қазақстан аумағында болды. Қуғын-сүргін жылдары еліміздегі лагерьлерге 5 млн-нан аса адам жер аударылды.

"Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңға сәйкес, негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған және заңға сәйкес ақталған адамдарға көрсетілген жерлерде болуының әр айы үшін, әлеуметтік қорғау органдарына жүгінген кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) төрттен үш бөлігі, бірақ 100 АЕК-тен аспайтын мөлшерде ақшалай өтемақы төленеді", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

2003-2020 жылдары республикалық бюджеттен 2,9 млрд теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері – 2 188 теңге мен (3/4 АЕК) 291 700 теңге (100 АЕК) аралығында.

2021 жылы республикалық бюджетте аталған мақсатқа 796 мың теңге көзделген.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып саналатын адамдарға әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – АМЖ) төленеді (2021 жылы – 3 122 теңге).

2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға (АМЖ) 12 млрд теңге сомасында төленді. 2020 жылы МБК төлемі 1 млрд 180 млн теңге сомасына жүргізілді. 

2021 жылы АМЖ төлеуге 1 млрд 259 млн теңге бөлу жоспарланған. 

Осы жылдың 1 мамырына жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер қатарынан АМЖ алушылар саны 32 229 адам болды. 

Ақталған азаматтар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнетке шыққан адамдар:

- бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған, жазасын өтеген, басқа елді мекемендерге жіберілген, арнайы елді мекендерде еркіндігі шектеліп, мәжбүрлі еңбекпен айналысқан және мәжбүрлеп психиатриялық мекемелерде емдеуде болған уақытының 3 есе мөлшерде зейнетақы алу үшін қатысу өтіліне есептелуіне;

- кезекті еңбек демалысын өздері үшін ыңғайлы уақытта алуға, сонымен қатар жылына птаға дейін жалақы сақтамайтын қосымша демалыс алуға;

- бірінші кезекте телефон орнатуға;

- қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастыруға;

- протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз етілуге;

- оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардың тегін консультациясын алуға құқылы.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және заңнамаға сәйкес ақталған адамдарға материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсету жөніндегі шараларды жергілікті бюджеттер есебінен қосымша белгілеуге құқылы.

Жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жергілікті атқарушы органдар саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек береді.

"2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 230 азаматқа 5 834 (2 АЕК) теңгеден 43 755 теңге (15 АЕК) мөлшерінде жалпы 198,4 млн теңге сомасында біржолғы материалдық көмек көрсетіледі", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу