Семейлік студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

401

Айыпталушы – 2004 жылғы студент.  

Семейлік студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды Фото: gov.kz

Абай облысында студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотталушы Қ. кінәсін толық мойындамай, соттан ақтауды сұраған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта зорлау (ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі), сондай-ақ, балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралды. 

Айыптау қорытындысына сүйенсек, оның Семей қаласында 2022 жылғы мамыр мен 2025 жылғы қаңтарда 12 және 13 жастағы балаларға қатысты жасаған қылмыстары анықталған.

Сот үкімімен Қ. кінәлі деп танылып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу