Шарджадан Алматыға эвакуациялық рейспен 167 қазақстандық жеткізілді

92

 Олар Шарджа қаласынан арнайы ұйымдастырылған Flight 251 эвакуациялық рейсімен ұшып келді.  

Шарджадан Алматыға эвакуациялық рейспен 167 қазақстандық жеткізілді Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

Алматы халықаралық әуежайына Біріккен Араб Әмірліктерінен тағы 167 Қазақстан азаматы жеткізілді, деп

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, әуежайда елге оралған отандастарын туған-туыстары қарсы алды. Қауіпсіз түрде елге жеткізілген азаматтар мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

Жолаушылардың бірі Қазақстан билігі қиын жағдайда азаматтарын жалғыз қалдырмағанын айтып, Президентке және елге оралуға көмектескен Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай қолдау адамдарға үлкен рухани демеу береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу