Қытайдың басқарылатын "Шэньчжоу-17" ғарыш кемесінің экипажы Жерге аман-есен оралды. Бұл туралы 30 сәуірде ҚХР Орталық теледидары хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жарияланған телеарнаның хабарлауынша, қытайлық ғарышкерлер Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономды ауданында орналасқан Дунфэн алаңына қонды.
"Шэньчжоу-17" экипажы Қытай орбиталық станциясының бортында 2022 жылдың маусымында ұшырылғаннан бері алты ай болды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                                                    