ШҚО: шошқа фермасына қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

443

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасын жабуға қатысты сот үкімін апелляциялық инстанция өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Айқын" газетіне сілтеме жасап.    

ШҚО: шошқа фермасына қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды Фото: aikyn.kz

ШҚО Экология департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылы тұрғындарының наразылығын туғызған шошқа фермасына былтыр тексеру жүргізілді.

Тұрғындар шошқа фермасы мен мал сою алаңынан шыққан қалдықтардың адам денсаулығына және табиғи ортаға келтіретін зияны туралы айтқан.

ШҚО Экология департаменті тексеру барысында талай заңбұзушылықты анықтады.

"Родничок" шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат құжаттарын рәсімдемеген. Топырақты ластап, шошқа қалдықтарын ашық жерге тастаған. Департамент ферма иесіне айыппұл салып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ. Осыдан соң іс ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Сот шошқа фермасын жабу туралы шешім шығарған.

Алайда ферма иесі үкіммен келіспей, апелляциялық сотқа жүгінді. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 8 ақпан күні жарияланған үкімімен бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Экология департаменті былтыр тексеру қорытындысы бойынша, шаруа қожалығына жалпы сомасы 1 072 048 мың теңге айыппұл салды. Заңбұзушылықтарды жоюға уақыт берді. Бірақ, жеке кәсіпкер оны орындаудан бас тартты.

Содан кейін департамент "Родничок" шаруа қожалығының қызметін тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолдады. Экономикалық сот бұл талапты толықтай қанағаттандырды. Апелляциялық сот қоршаған ортаға келтірілген орны толмас зиянды, жергілікті тұрғындардың пікірін ескере отырып, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу