Щучинск қаласындағы дәмханада болған өрт салдарынан тағы екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермектің сөзінше, ауыр жағдайда жатқан тағы екі науқас қайтыс болған.
8 наурыз күні "Авиценна-Бурабай" ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан бір пациент, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан әйел адам қайтыс болды.
Дәрігерлер басқа зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін Щучинскідегі жарылыстан кейін дәмхана иесі ұсталғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу