Швейцарияда АҚШ-Иран келіссөздері өтпейтін болды

831

Бұл туралы The Guardian жазды.

Швейцарияда АҚШ-Иран келіссөздері өтпейтін болды Фото: absatz.media

Жұма күні Швейцарияның Бюргеншток қаласында өтуі тиіс болған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер өтпейтін болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

"14 тармақтан тұратын келісімді іске асыруға қатысты жұмаға жоспарланған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тоқтатылды", – деп жазды The Guardian.

Бұған дейін Ақ үй өкілі АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Иранмен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою үшін Швейцарияға бармайтынын айтқан болатын. Техникалық келіссөздердің нақты жоспары әлі келісілмегені айтылды. Уағдаластыққа қол жеткізілген соң АҚШ делегациясы бірден аттануға дайын екені де белгілі болды.

Осы аптада Иран мен АҚШ өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес, тараптар 60 күндік техникалық келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Осы аралықта ирандық ядролық бағдарламаның тағдыры бойынша түпкілікті шешім қабылдануы керек. 

Джей Ди Вэнстің сөзінше, 60 күндік мерзім 18 маусымда басталған. Америкалық БАҚ келісімнің соңғы мерзімі 17 тамыз екенін жазды.

Айта кету керек, бұған дейін Ормуз бұғазынан 7 кеме сәтті өткенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу