Шығыс Қазақстанда биыл орман өрті 38 пайызға артқан

602

Биыл облыс бойынша 72 орман өрті тіркелген.

Шығыс Қазақстанда биыл орман өрті 38 пайызға артқан Фото: ҚР ТЖМ

 

Шығыс Қазақстан облысында биыл орман өрті 38 пайызға артып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин мәлім етті.

"Осы жылы облыс бойынша 72 орман өрті тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға артқан. Жалпы аймақта ормандарды қорғауды 3 республикалық және 13 коммуналдық мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері жүзеге асырады", - дейді ол.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өңірде азаматтық қорғау, полиция қызметкерлері, орманшылар және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатарынан 270-тен астам адамнан тұратын 46 бірлескен мобильді топ құрылған. Олар 973 рейд жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 56 фактісін анықтады. Оның ішінде 27 адамға айыппұл салынған.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстандағы өрт сөндіру бөлімшелері жоқ елді мекендер үшін 44 өрт сөндіру бекеті, 935 адамнан тұратын 114 өртке қарсы ерікті құрылым жұмыс істеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу