Шымкент қаласында Sinooil мен Гелиос дизель отынын сатуға негізсіз шектеу қойған

649

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.  

Шымкент қаласында Sinooil мен Гелиос дизель отынын сатуға негізсіз шектеу қойған Фото: gov.kz

"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Шымкент қаласы аумағында орналасқан жанар-жағар май кұю бекеттеріндегі дизель отыны тапшылығы бойынша қолдан кедергі жасау фактілері және әлеуметтік желілерде таралған коғамдық резонансты тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында SINOOIL және Гелиос жанар-жағар май құю бекеттерінде дизель отынын сату нарығында көлік жүргізушілердің құқықтарын шектеуге жол бергені анықталды", - делінген хабарламада.

 Департамент тарапынан Шымкент қаласындағы "SINOOIL" ЖШС мен "Гелиос" ЖШС филиалдарына кәсіпкерлік кодекстің 199 бабы, 1-тармағына сәйкес бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жіберілді.

Аталған кодекстің 170 бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы сәйкес тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу