Шымкент көшелерін су басты

412

Түркістан облысы мен Шымкентте тоқтаусыз жауған жаңбырдан үй аулаларын су алып, көшелер көлге айналды.  

Шымкент көшелерін су басты Фото: almaty.tv

Жауын суы көп жиналған жерде көліктің де, адамның да қозғалысы қиындады, деп жазады inbusiness.kz.

Ал оны тазартуға тиісті мамандар істің екі күннен бері өнбей жатқанын айтады.

Айта кетейік, нөсер жауыннан аймақтағы Сарыағаш, Жетісай, Мақтарал және Сайрам аудандарындағы аулаларды су басқан.

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Мақтаарал ауданында 4, Сайрам ауданында 3 аула, су астында қалды. Жетісай мен Сарыағаш аудандарында 3 көшені су басып, 2 аулаға жайылған.

Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті полиция қызметкерлері шұғыл жұмылдырылып, нәтижесінде 2206 текше метр су сорылып, сыртқа шығарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу