Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді

433

Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады.

Шымкент полициясының бөлім бастығы мен тергеушісі пара алды деген күдікке ілінді Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық Полиция департаменті аудандық полиция басқармасының бөлім бастығы мен тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жұбайына қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасын тағайындау үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге көлемінде пара алған деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу