Шымкент тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды

336

Тергеу амалдары жүргізілуде.  

Шымкент тұрғыны диплом аламын деп 500 мың теңгесінен айырылды Фото: alau.tv

Диплом алып беремін деп тұрғындардан заңсыз ақша алып, айласын асырғандар аз емес.

Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өз арызында бес жылдан бергі танысы колледждердің бірінен диплом алып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Кентау қаласының 24 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу