Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды

261

Зардап шеккендер бар. 

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды Фото: pixabay.com

Шымкентте атыс болды. Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі 12-00 шамасында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

"Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болған", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу орын алған. 

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу