Шымкентте 8 жасар қызға азғындық жасаған 56 жастағы ер адам сотталды

390

Ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.  

Шымкентте 8 жасар қызға азғындық жасаған 56 жастағы ер адам сотталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Шымкентте 8 жастағы қызға қатысты азғындық әрекет жасаған 56 жастағы ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық отырыста қаралған. Ер адам Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 28 сәуірде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде кәмелетке толмаған қызға қатысты күш қолданбай азғындық әрекет жасаған.

Сотта оның кінәсі жәбірленуші мен куәлардың жауаптары, заттай айғақтар және басқа да іс материалдарымен дәлелденген.

Прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оның II топтағы мүгедектігін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

– Сот Н.-ны ҚК-нің 124-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды, – делінген қалалық соттың хабарламасында.

Сонымен қатар жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, сотталған азаматтан моральдық зиянды өтеу үшін 3 млн теңге өндірілді.

Бұған дейін осы іс бойынша ер адамға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған еді. Алайда алғашқы үкімнің күші жойылып, іс қайта қаралған.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу