Шымкентте көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды

352

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шымкентте көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Шымкенттегі Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, кейін полицияға хабар берген.

Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды.

Портал мәліметінше, екі ер адам подъезде кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған. Кейін жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу