Шымкентте лауазымды тұлғалар 3 млн теңге көлемінде айыппұл төледі

355

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылды.

Шымкентте лауазымды тұлғалар 3 млн теңге көлемінде айыппұл төледі Фото: canva.com

Шымкент қаласының прокуратурасы өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге қатысты мемлекеттік органдардың шара қолданбау фактілерін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу)  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұлдар өндірілді", - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу